ҚР ҰБ курстары, 16.06.2024
RUB 5.05 (0.00)
EUR 482.21 (0.00)
USD 450.79 (0.00)

Жасаған саудаңыздан қалай пайда табуға болады

Қазақстандағы әрбір дерлік банк өзінің банктік картасы бойынша жасалған сауда үшін ұпайлар, мильдер, кешбэк немесе жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін түрлі бонустық бағдарламаларды ұсынады.

Кешбэк - бұл картамен төленген тауар шығындарының бір бөлігін қайтару. Cashback сөзбе-сөз ағылшын тілінен «қолма-қол ақшаны қайтару» деп аударылғанымен, ол негізінен қолма-қол ақшасыз жасайтын төлемді білдіреді. Сонымен қатар, олар ақшаны ғана емес, сонымен қатар басқа нәрселерге жұмсауға болатын арнайы бонустарды немесе мильдерді де қайтара алады.

Бонустар - ақшаны қайтарудың бір түрі. Яғни, қызмет немесе тауар үшін картамен төлеген кезде алатын қосымша пайда.

Мысалы, Halyk-та сіз бір немесе бірнеше пайдалы ұсынысты пайдалана аласыз. Halyk картасы арқылы кез келген төлем үшін Сіз 1% бонус ала аласыз.

Halyk Club серіктестерінің (дүкендер, мекемелер) желісінде жасалған саудаға ақы төлеу арқылы сіз 30%-ға дейін бонус ала аласыз.

Көп бонус қалай алуға болады?

·        Картаны мүмкіндігінше жиі қолданыңыз. Карта бойынша неғұрлым көп төлесеңіз, соғұрлым көп бонус аласыз. Сондықтан картаны мүмкіндігінше көбірек қолдануға тырысыңыз: дүкендерде, мейрамханаларда, интернетте, көлікте және т.б. Бонустар есептелмейтін төлем әдістерінен бас тартыңыз.

·        Банк серіктестерін таңдаңыз. Halyk Club-та барлық серіктестердің тізімі бар, соның арқасында сіз карта арқылы жасалған сауда үшін қосымша бонустар ала аласыз. Бұл дүкендер, кафелер, дәріханалар, сұлулық салондары және т.б.

·        Акциялар мен арнайы ұсыныстарды қадағалап отырыңыз.

Бонустарды Банктің қосымшасында әртүрлі мақсаттарға жұмсауға болады: мобильді қызметтерге ақы төлеу, тамақ жеткізу, сыйлық сатып алу және тағы басқалар.