Курсы НБ РК на сегодня, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

Кардашьяндар құпиясы немесе әлеуметтік желідегі тренд


Сұрақ. 14 жыл отбасыңызбен реалити-шоуға түсе аласыз ба?

Түскендер бар. Олар жұлдыз атанды, өмірлерін күрт өзгертті. 

Атышулы Кардашьяндар отбасының «Keeping Up with the Kardashians» реалити-шоуы 20 маусымға созылды. Олар отбасындағы үлкенді-кішілі жанжалдарды миллиондаған аудиторияға жайып салды. Есесіне миллиардаған оқырман жинады. Барлық отбасы мүшелерінің оқырман санын қосқанада 530 миллионнан артып жығылады. 

Реалити-шоудың бірінші эпизодында  Кайли Дженнердің жасы 9-да болса, қазір 21-де. Және ол миллиардер. Forbes журналы мәліметіне сүйенсек, ару шамамен 1 миллард АҚШ долларын жинаған. 

Арулардың анасы Крис Дженнер арулардың анасы ғана емес, продюсері. 

Ким Кардашьян Уэст – мультимиллионер. Өзінің және басқа брендтердің косметикасын жарнамалайды.

Кендалл Дженнер - топ-модель.

Хлои Кардашьян Good American джинсы компаниясының басшысы. 

Атақты маркалардың жарнамаларына түседі және танымал брендтердің амбассадоры. 


"Егер"Кардашян отбасы" болмаса, Мен бүгін қайда болмас едім", — деген Ким Кардашянның табысы 900 миллион долларға бағаланады. 

Жалпы алғанда, Кардашянның бес қарындасы-Дженнер және олардың анасы Крис Дженнер 2 миллиард доллардан астам пайда тапты-және олардың кірістерін көбейту үшін әлі де көп мүмкіндіктер бар.


Көгілдір жәшік,кейіннен әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырман жинаған Кардашьяндар танымалдылығы сол бір реалити-шоумен келді. Өз өмірлерін боямасыз көрсетуге тырысқан олар, әр серияны құпияда ұстауға тырысты. 

Кардашьян мен Дженнер сылқымдар атақтарын пайдаларына жарата білді. 

Әлеуметтік желідегі трендтер құпиясының белгілі амал-тәсілі жоқ . Бірінің жұлдызы жана қалса, екіншілерінің сан жылдар бойғы еңбегі заяға кетеді. 

Психологтардың айтуынша, кардашьяндар отбасының құпиясы-шынайлығында. Жер бетінің түкпір-түкпіріндегі отбасының жасвратын сыры, қоғамдық талқыдан қорқуы оларға бөгет болмады. Олар қайта ашылды, осылайша қоғамға олардың проблемалары жеке емес, джалпы мәселе екенін ұғындыра білді. Кардашьяндар отбасының отағас қыздарды темірдей тәртіпте ұстағаны белгілі. Мұны реалити-шоуды көрген көрермен біледі. Және бұл проблема, қыздар үшін тек олардың жанұясындла ғана еместігін ұғындырды. 

Әрбір нәрсенің жақсы және жамван тұсы бар. Айқын дәлел ретінде Кардашьяндар жанұясындағы реалити-шоуды ұсына аламыз. Реалити-шоудың тәрбиелік мәні тек жақсы тұстардан көрінді деу-қате пікір. Себебі нормативке сай емес лексика, апалы-сіңлілердің дауы, ата-анасымен бітімге уеле алмайуы сынды мәселелелр мұнда да орын алды. 

Сіз бұл отбасының мүшелеріне тіркелгенсіз бе?