Курсы НБ РК на сегодня, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Кибербуллинг және кибермоббинг дегеніміз не?

Кибермоббинг және кибербуллинг – интернет, әлеуметтік желідегі кемсіту. Интернет-қорлық,  шұғыл не өрескел түрдегі қатыгез мәтіндік хабарлама. 

Мұны білу неге маңызды?

Онлайн-зорлық-зомбылық арқылы адамды қорлау психикалық дәрменсіздік пен суицидке әкелуі мүмкін. 

Статистика: 

11-15 жас аралығындағы әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім, ай сайын буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады. Бұл әсіресе ұлдар арасында жиі таралған.

Кибербуллинг қалай басталады?

Зорлық-зомбылыққа кез-келген фактор себеп бола алады: шашыңыздың түсінен бастап, дене пішініңізге дейін.

Агрессор кім?

Сыныптастар, таныстар, бұрынғы достар, тіпті мінез-құлқыңызды ұнатпаған бөгде адамдар.

Не істеу керек?

Егер де жасыңыз 18-ге толмаса, ал беймәлім адам интернетте сіздің жеке фотосуретіңізді (суретте жалаңаш) жарияласа, бұл ЗАҢСЫЗ әрекет болып табылады. Мұндай жағдайда  safekaznet.kz қызметіне шағымдана аласыз, заңсыз пост бұғатталады.

Басқаша: 

Жеке ақпаратармен бөліспеңіз.

Өзіңізде онлайн зорлық-зомбылыққа қатыспаңыз. Жазу оңай, бірақ оқыған адамға оңай емес. 

Салдары

Оқушы жарақаттануының салдары қайғылы: қатыгездік баланың психикасын өзгертеді және патологиялық бұзылулардың, зорлық-зомбылық, суицидалды және тәуелді мінез-құлықтың әлеуметтік-қауіпті нысандарының пайда болуына себеп болуы мүмкін. Моббинг пен буллингке ұшыраған жасөспірімдер олардың барлық проблемасы олармен сөйлесуге кінәлі деп санайды, сондықтан кешендейді.

Мектеп жасында алынған психологиялық жарақаттар ересек проблемаларға айналуы мүмкін. Мамандар (психологтар, зерттеушілер, ғалымдар) мектеп жылдары жарақат алу оның барлық қатысушылары үшін ізсіз өтпейді және оның салдары адамның өмір бойы әсер етеді деп санайды.

Егер де жасыңыз 18-ге толмаса, ал біреу интернетте сіздің жеке фотосуретіңізді (мысалы,  суретте киімсіз болсаңыз) жарияласа, ол ЗАҢСЫЗ әрекет болып табылады. Ондайда safekaznet.kz қызметіне шағымдана аласыз, ал бұл заңсыз пост бұғатталады.

Ата-аналар назарына: 

Кибербуллинг мектеп жасындағы балаларға ғана емес, ересек адамдардың да психологиясына жасалатын үлкен соққы. Дегенмен балалалардың әсіресе жасөспірімдердің психологиясы сырттан келетін агрессияға өте осал. Кибербуллинг өзіне деген сенімділік пен өмірге деген құштарлықты жояды. Сондықтан балаңыздың психологиясына, өзін-өзі ұстауына үлкен мән беріңіз. Ол кибербуллингке тап болғанан сізге айтпауы мүмкін. Осылайша өзін қыспаққа алып, сан сұраққа шырмалуы да ғажап емес. Бұл ретте сіздің, ата-ананың қолдауы мен ақыл-кеңесі өте маңызды рөл атқарады. 

Кеңестер: 

Егер сіз баланың кибершабуылдардың құрбаны болғанын білсеңіз, сабыр сақтаңыз. Ең алдымен, баланы тыныштандырыңыз, оған ештеңеге қарамастан оны қолдайтындығыңызды айтыңыз. 

Жағымсыз жағдайды барынша объективтілікпен бағалаңыз, баладан толығырақ ақпарат алуға тырысыңыз — интернеттегі қорлау қандай формада болды, агрессор кім, кибербуллингтің себебі неде, ол қандай ресурстарда болғанын анықтаңыз. 

Балаға әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін өзгертуге көмектесіңіз. 

Хабарламалар мен жазбалардың скриншоттарын, сондай-ақ қорлайтын аккаунттарды жазып алыңыз. Осыдан кейін сіз әлеуметтік желі әкімшілеріне жүгіне аласыз.