Бақылау мен қамқорлықтың ара-жігін аждыратып бергім келеді.
Соңғы кездері бақылауды қамқорлық деп қабылдайтын уақиғаларды жиі естимін.
Жиі ұшырасатын екі вариантты саралап көрейікші.
БАҚЫЛАУ
1. Жақын адамыңыз әлеуметтік желідегі құпиясөзді айтуыңызды сұрайды. Онысы, әлемде түрлі қауіп бар, содан сені қорғаштап қалғым келеді, деген желеумен айтылады.
2. 15 минут сайын қайда жүргеніңізді хабарлауды сұрайды. Олай етпесең, жазаланатыныңды айтады.
ҚАМҚОРЛЫҚ
1. Сізге былай айтады: саған алаңдаулымын. Кейібір манипуляцияға түсіп қалуың ықтимал. Сондықтан, қандай парақтарға жазылғаныңды көрсетші. Бәлкім, менің септігім тиер.
2. Сізге былай айтады: саған алаңдаулымын. Әлсін-әлсін, қайда жүргеніңді хабарлап отыршы.
Мәтін әр-алуан болуы ықтимал, бірақ, ең бастысын есте сақтаңыз: ❗❗❗
НАҚТЫ КРИТЕРИЙ – СІЗДІҢ СЕЗІМІҢІЗ❗❗❗
Егер ашуланшақ болсаңыз, айтылған сөзді көңіліңізге алып, өзіңізді кінәлі сезінсеңіз, бойыңызды кернеген назыңызды жеткізіп айтып бере алмасаңыз, демек, сізді бақылап отыр.
Егер қуанышты, ыждаһатты, мейірімді болып, әлдебір жақсы іс жасауға құлшынсаңыз, демек, сізді қамқорлыққа алған.
ҚЫРАҒЫ БОЛЫП, САҚТАНЫП ЖҮРІҢІЗ!
Осы материал серіктесіміз www.helpkz.com дайындаған.