ҚР ҰБ курстары, 23.11.2024
RUB 4.85 (-0.06)
EUR 519.72 (-0.93)
USD 498.34 (+3.47)

Критериалды бағалауды мен қалай түсінемін?

Оқу үдерісіндегі жаңашылдық – мектептен шынайы жасалатын сынақтар мен маңызды тәжірибе жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Ал тәжірибесіз жаңа нәрсенің проблемасы зерделеніп, әдістер тиімділігі жетілмейді.

Қазіргі таңда, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында орта мектептерде туындап отырған өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың тиімділігін арттыру болып отыр.

Критериалды бағалау- оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз.Бастапқы  кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ.

Оқуды тиімді бағалау —  білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты қажет етеді.

Күнделікті сабақта білім алушылар  топтық жұмыста өздерін бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана алады. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі артады. Бағалау парақшасына зейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылыс.

Негізінде, баға қою — оқушыны оқуға міндеттейтіні белгілі. Кейде бұл кері әсер беретін тұстары да болады. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек секілді ой туындайтынын ескерсек, бағаны қоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға қызығушылығын туғызуға және білімді меңгертуге болады? Осы тұста бүгінгі білім додасында бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сауал көкірегімізге ұялайды. Ол үшін Блумның «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын әбден түсіне отырып, сабақта қолдана білу керек.

Сабақ жоспары оқыту мақсатына сай жоспарланады. Ал мақсаттың толық жүзеге асуы үшін бірізділік принципі сақталады. Қолданылған стратегиялар мен тәсілдер негізінде  сабақта күтілетін нәтижеге жету қарастырылады.

Енді бағалауға келсек,  қалыптастырушы бағалау, бұны күнделікті сабақта қолданып жүрміз. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы «жетімен»  тағы бағаланады. Ал тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы  нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді.

Оқушының сабаққа ынтасын арттыруда алдымен психологиялық  тренингтер жүргізу керек секілді. Өйткені,  сабаққа зейіні ауған оқушының білімге деген құштарлығын қызықтырғыш элементтер арқылы артатыны белгілі. Ол үшін сыныпта «Бәрімізге бақыт сыйлайық»  сәтін  жиі ұйымдастырған дұрыс. Осы кезде оқушылардың бойына  мейірім мен  шынайылылық қалыптаса бастайды. Осындай жылы  сезімдермен  бір- бірінің қолдарынан ұстап ізгі ниет білдіреді.Топқа бөлу үшін берілген суреттерде  жарқын тұрмыс, не тәтті тағам  немесе жылы шырайлы келбет беретін гүл суреттерін,  болмаса жандарына  жылылық ұялататын жақын адамдардың келбетін ұсынған дұрыс. Ол да сабақтың нәтижелі өтуіне ықпал етеді. Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында тақырыпқа сай «Сөйлемді аяқтай сал» әдісі, көп нүктенің орнына қажетті тиісті ақпаратты жазу ұсынылады. Оқыту үшін бағалау, бағалау арқылы оқытуды жақсарту, сыни көзқарас таныта отырып, топтасып жұмыстануға ынталандырады. Міне, бұлардың барлығы сабақ процесінде үнемі дағдыға айналған жұмыс.

Мұғалім өзінің күнделікті жоспарын құрған кезде оқыту үшін бағалау әдісін  енгізеді. Сөйте тұра, ол бағалаудың не үшін қажет екендігіне ойлана отырып, сол арқылы оқушыдан күтілетін нәтижеге жұмысын бағыттайды. Мұғалім  алдымен сабақта нені мақсат етіп алды, оған жетудің қандай жолдары барын жүйелей отырып, жоспар құратыны анық. Алдында айтып кеткенімдей, оқыту үдерісінде жетістікке жету үшін оқытушы мен оқушы белгілі бір критерий арқылы білім нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы тұста керек. Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша  бірнеше  қадам жасалатынын білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай дамыту), жаттығу (жазбаша түрде болса  өз көзқарасыңды білдіріп көр, ойыңды өмірмен байланыстыра отырып, нақты баяндап, ойыңды түйіндеп жазып шық т.б.).Бұл көбіне  жеке жұмыс жасаған тұста  керек. Ал топтық жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий арқылы жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым не айтылым дағдысында атқара алады. Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді.  Бағалауда топ спикерінің міндеті зор болады. Әрі шынайылық басым болады.Қорғайтын жобаны топ дайындай отырып, уақыт мөлшеріне бағына отырып қорғайды. Осы тұста өзгелер комментарий айта отырып, жетістік критерийімен бағалайды.

Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған» сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз.

Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі, нақтылық осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады. Ал ішкі жиынтық бағалау: оқуды бағалау, жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен  бағаланып деңгейі салыстырылады. Бағалау ұқсастығы: мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады.

Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесіне өзгерістерін енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау — бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген  оқушының  оқу-танымдық  құзырлығын қалыптастыруда  алдын-ала  белгіленген  жетістіктер мен салыстыру үрдісі.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.

Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау —  бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс  болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні  белгілі.

Сарыкемер орта мектебінің бүгінгі мектепішілік тәжірибе алаңында бағалау әдістерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру мен оқуға деген уәж-ынтасын арттырудың жолдары зерделенуде. Бұл оқу және оқыту үшін бағалаудың үдерісінен туындайтын сұрақтарға педагогтар назарын аударады деп ойлаймын.

Қазіргі мектеп оқушылары көбіне сыртқы (басқа тараптан алынған) бақылау сынақтарында тұрақты білім жетістіктерін көрсете алмайды. Бірде жоғары болса, бірде төмен көрсеткіш көрсетеді.Біз үдерістегі осы проблемаларды шешу жолдарын ұйымдастыру мақсатында, мектепішілік бағалаудың бақылау шарасы ретінде Директордың Жиынтық Бағалау Тестілеуін мектептің дамыту жоспарына жаңа тәжірибе ретінде енгіздік. Бұл мектепішілік ДЖБТ оқу жылы көлемінде екі рет алынып отырылады. Және де тест материалдары деңгейлік тапсырмалар арқылы сарапталып, оқулық материалдарындағы тақырыптық мазмұнды жоғалтпауға тырысады. Дегенмен, мұндағы жиынтық бағалау тестілеуінің көрсеткіштері бізді тағы бір жаңа қадамға қол созу қажеттілігін туындатты. Осылайша, оқу сабақтарында барынша критериалды бағалау әдісін қолдану маңыздылығын арттыру қажеттілігі туындап, тәжірибеде бұл жұмыстар жалғасын тапты.

Мәселен өз сабағымда кездескен жайттан мысал келтірейін:

Мен оқу стандартын жүйелі меңгерту және күнделікті өз тәжірибемде кездесетін қиыншылыктарды ескере отырып, өзім сабақ беретін математика пәнінде жалпы пәнге арналған бағалау критериі кестесін жасадым.

Бұл кестеде ең алдымен пәнге байланысты оқу стандартында оқушы нені білуі керектігіне байланысты міндетті талаптарды негізге алдым. Математика сабағында күнделікті тәжірибемізде кездесетін оқушы колиграфиясының нашарлығын да жөндеу мақсатында жазу үлгісін де бір дискриптор етіп алдым. Бұл кесте күнделікті сабақта, сынып бөлмесінде оқушылардың назарында үнемі ілініп тұрады. Бұлай ету, оқушыны критеримен үнемі жұмыс істеуге дағдыландыру болып табылады. Сонымен қатар оқушы мұғалім бүгін қандай критерий ұсынады деген көзқарастан бірте – бірте алшақтап, өзі «Нені білуім керек?», «Нені жасауым керек?» деген әрекет қалыптасып, өздігінен білім алуға дағдыланады.Биылғы оқу жылында өзім жұмыс жасап отырған Әбіш негізгі жалпы білім беретін  мектебінде биылғы оқу жылында критериалды бағалау жүйесін жүйелі түрде мектеп тәжірибесіне енгізуді мақсат етіп алдық. Осы бағытта әр пән бірлестіктері топтаса отырып, критериалды бағалауды тәжірибемізге енгізіп, нәтижесі мен кемшіліктерін ортаға салып талқылаудамыз. Алғаш осы кестемен бір апта жұмыс жүргізу барысында бағалау шкаласының дұрыс қойылмағандығын байқадық. Қайта түзетулер енгізіп, келесі апталарда жұмыс жүргіздік. Әзірше кестемен жұмыс жүргізілуде, алайда әлі де жатығу, үйрену керек. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалана алмау, оқушылардың толық атсалыса алмауы көрініс табуда.

Сонымен қатар, сабақ барысында критерийді оқушылармен бірлесіп құру өте тиімді, өйткені әрбір оқушы тақырыпқа байланысты  тапсырманы орындай отырып өздерін бағалайды. Мына суреттерде оқушылар критерийді өздері құра отырып, жұптық жұмыс барысында өзгені және өздерін бағалап отыр.

Осылайша, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан  көз жеткізуге болады.

Десек те, оқушылар өздері тапсырма орындау барысында міндетті түрде бағалау критериі кестесіне қарап, өзі қаншалықты деңгейде тапсырманы орындай алғандығын, нені орындай алмағанын біліп отыр. Сонымен қатар өзінің жұмысын жанындағылармен салыстырып, сыни көзқараспен қарау қалыптасуда.Тағы бір жетістігіміз бәсекелестік қалыптасып, сыныпта ерекшеленуге және бірінші болуға талпыныс байқалады.. Бұның өзі критериалды бағалау жұмысының аздап болса да жолға қойылуы, жүйеге келуге қадам басталуда деп түсінемін.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұны шешу жолдарының бірден-бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау деп ойлаймын.

Бағалау оқу мен оқытудағы маңызды аспектілердің бірі. Сондықтан мұғалімдер балаға ұсынылатын критерийлер туралы терең ойланғаны маңызды. Дұрыс ұйымдастырылмаған кез-келген әрекет оқушының оқуы мен дамуына кері әсер етуі мүмкін. Критериалды бағалау кері байланыс қызметін атқарады. Ол кері байланыс оқушыға берілген тапсырманы қайта орындайтын болса, тапсырманың қай тұсы бойынша ойланып, басқаша жасау керектігі туралы ақпарат беретін болу керек.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александр, 2001).

Сондықтан, бағалау үдерісінде критериалды бағалау түрін қолдану біздің оқушыға да мұғалімдерге де жаңа бағалау әдісі ретінде қолданылғандықтан, біз мектеп тәжірибесінде кезеңдік жолмен қолданып отырмыз. Оқушыға алдымен критерийлер арқылы жұмыс талабын мұғалім көмегімен ұғындыруды толық меңгертіп барып, оларға өздері де жасауға, ортақ қатысуға болатындығына еркіндік береміз. Жалпы , критериалды бағалаудың шеңбері кең болғандықтан, барлық тапсырмаға немесе жаттығуға критерийлер жасауға болады. Бірақ, сабақ уақытының тиімділігінде ескеруіміз керек. Және оқулықтағы тапсырмалар көлемі мен жаңа тақырыптар тығыздылығы да ескеріледі.

Имангалиева Гулшат Нурболатқызы,
БҚО, Казталов ауданы,
Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінің
Математика пәні мұғалімі