ҚР ҰБ курстары, 23.07.2024
RUB 5.4 (-0.04)
EUR 515.12 (-5.72)
USD 473.15 (-5.43)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Академия тарихы:

1994 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебі (ҰЖМБМ) ашылды (Қазақ КСР ОК жанындағы Жоғары партия мектебі базасында 1942 жылы құрылған).

2000 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының елорда – Астана қаласына қоныс аударуы.

2005 ж. – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы», «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот академиясын» біріктіру және «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМҚК Дипломатиялық академиясының функцияларын жаңадан құрылатын мемлекеттік мекемеге беру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы құрылды.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 1583 Жарлығы.

2012 ж. – Академияны реформалау бойынша Еуропалық Одақпен бірлескен жобаны іске асыру басталды. Академияның даму Тұжырымдамасы қабылданды (2012 жылдың мамыры) және іске асырылуда. Қазақстанның мемлекеттік қызмет үшін жаңа тұрпатты магистрлер мен ғылым докторларын даярлау бойынша әлемде танылған MPA (Master of Public Administration), MPP (Master of Public Policy), DPA (Doctor of Public Administration), DPP (Doctor of Public Policy) білім бағдарламалары алғаш рет енгізілді.

2014 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді, жаңа бағыттарды дамытудың құзыреттілік және практикаға бағдарланған тәсілі негізінде мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін одан әрі жаңғырту мақсатында және ТМД, ШЫҰ елдеріндегі білім беру қызметтері нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажеттілігіне байланысты әзірленді.

Миссия және көзқарас:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын, еліміздегі бірден-бір жоғары оқу орны. Тиімді көшбасшылық пен кәсіби басқарушылардың зияткерлік платформасы. Оның миссиясы – ел мен әлем игілігі үшін білімді қалыптастыру, сақтау және тарату.

Академия институттары:

  • Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі
  • Басқару институты
  • Дипломатия институты
  • Кәсіби даму институты
  • Кәсіби даму институты Тілдік құзыреттілің секторы

Байланыстар: 

Нұр-Сұлтан қ.,   Абай көш., 33 а,

Электрондық пошта: info@apa.kz

Кеңсе: 8 (7172) 75 32 68, 75 31 17

Кеңсенің  факсі:8 (71-72) 75 32 68