ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Телеграм желісінің пайдалы функциялары


Хат алмасу үшін елімізде желісі 1-ші орында. Десе де Телеграм қосымшасы тек мәтін түріндегі ғана емес, фото-видео алмасу үшін өте ыңғайлы платформа.

Телеграм әлеуметтік желісінің біз білмейтін функциялары жетерлік. Одан бөлек, әлеу желіде түрлі пайдалы боттар бар.

Телеграмдағы құпия чат


Телеграмның басты ерекшелігі құпиялық заңдылықтарында. Максималды түрде қолданушының жеке ақпарттарын қауіпсіздікте сақтау үшін құпия чат ашуға болады. Бұл чаттты сырттан бақылауға, ондағы ақпаратты сыртқа таратуға болмайды. Ал егер абсолютті құпиялық сақтағыңыз келсе, чатты таймерге қойсаңыз болады. Сонда чат автоматты түрде өшіріледі.


Құпия чатты қалай ашамын?
Қарындаш кнопкасын басып «Құпия чат ашу» (Создать секретный чат) батырмасын ашып, контактілер тізімінен керек қолданушына таңдайсыз. Ол жабық топқа қосылу үшін, күтуіңіз қажет.


Көңілді Телеграм
Қолданышулармен көңілді хат алмасқыңыз келсе, Телеграмдағы фонның түсін өзгертуге болады. Суреттен өзге, мәтін көлемін, хаттардың түстерін, тіпті Телеграмның логотип түсін ауыстыруға болады. Егер қосымшыңыздың ерекше және көңілді болғанын қаласаңыз, менюға кіріп «Настройка чатов» арқылы көңіліңіз қалаған өзгерістер жасаңыз.

Қосымшаға жеке құпия-код
Егер Telegram-да хат алмасуды және контактілерді қосымша қорғау қажет болса, онда мессенджерге пароль қою мүмкіндігі бар. Сіз оны параметрлерде, "қауіпсіздік"бөлімінде орната аласыз.