ҚР ҰБ курстары, 16.06.2024
RUB 5.05 (0.00)
EUR 482.21 (0.00)
USD 450.79 (0.00)

Макс оң-солын қалай танығаны жайлы әңгіме

Макстың жасы 4,5 болатын. Сол кезде оның анасы маған не істерін білмейтінін, баласының өздігінше киініп, өздігінше тамақ ішпейтінін, ойыншықтарын жинамайтынын айтып, кейігені бар. 

Анасының жан жарасы Макспен жеке сөйлесуіме түрткі болды. Сондағы Макстың айтқаны бәрін орын-орнына қойды: 

- «Мен әлі кішкентаймын» - деді ол. 

- Қашан есейеді екенсің? – деп сұрадым мен. 

- «Ойлануым керек» - деп жауап қатты Макс. 

Ол ұзақ ойланбады. Келесі жолы кездескенімізде, есею үшін екі уақыт керегін айтты. Ал, біз, оның анасымен бірлесіп, оң-солын тануға жағдай жасауды ұйғардық. Анасы, ойыншық жинау, тіс тазалау мен өздігінше тамақтанудан бастау керек деп шешті. 

Біріншіден, ойыншықтарды реттеп салу керек болды. Бір жерде үйіліп жатса, ойыншықпен ойнаған ыңғайсыз (қажет ойыншықты дер кезінде таппайсың). Сондықтан, оларды бөліп қоюды ұсындым. Қандай ойыншықтар жатқанын білу үшін, қорабының сыртына суретті желімдеп қойдық. Бәрін саты-сатысымен қойдық.Бірнеше қорап жиналды: машинкалар мен техника; адамшалар; конструктор; жануарлар. Енді ойыншық іздеу едәуір жеңілдейді. Оларды жинау да ыңғайлы (олар соншалықты көп емес, сондықтан, «көз қорықпайды»). Сынық ойыншықтарды лақтырып жібердік (баланың рұқсатын алып). Ойнағысы келмейтін ойыншықтарын сыйға тарттық (болмаса, оларды қоймаға сала салуға болады). 

Анасы пәтер ішін баласына ыңғайлап қоюға баса мән берді. Макс шүріппеге қол жеткізу үшін, жуынатын бөлмеге кішігіріп орындық алдық. Тіс пастасы мен тіс щеткасы төменірек орнатылды. Ал ас үйге арнап, түбінде зымыранның суреті бар тарелка мен ғарышкер кейіпкелген қасық сатып алдық (Макстың сүйікті кейіпкерлері). Бұл – өзіндік өмірге дайындық болатын. Осылайша D күні туды. Бұл жайлы балаға айту керек еді. Сол кезде әкесі іс-сапарға аттанып кетеді. Анасы Максктің көмегіне зәрі екенін айтты. Біршама уақыт әкесі сапарда болғандықтан, өзінің күші келмейтінін, сондықтан, баласы кей шаруаларды өзі атқаруы тиіс екенін түсіндірді. Сонда екеуі кешкі серуенге шығып, мульфильм круге де уақыт табар еді (нақты не керегін өзі таңдайды). Баласына анасының көңілінен артық не керек?  Макс келісті. 

Есінен шығып кетпеуі үшін, анасы баласына сурет-кесте салып, аяқтаған шаруасын белгілеп қоюды ұсынды (анасы желім-суреттер сатып алды. Бірақ, бұл суреттерді өзіңіз де сала аласыз). Бұл кесте мұздатқыштың сыртына жабыстырылды. Бәрі осылайша басталды! Макс шаруаларын ыждаһатпен атқарып отырды. Себебі, өзі солай шешті ғой! Анасы да дауыс көтермейтін болды, бәрін өзінің ытиярына қалдырды. Ол Өзі істеп жүр, бәрін! Егер бір ісі атқарылмай қалған болса, анасы есіне салып отыратын. Ал, үлгірмей жатса, Макс екеуінің кешкі серуені енемесе мультфильм көру уақыты қысқаратын. Әкесі келгенде, қарсы алдынан «оң-солын таныған» ересек бала шықты. Анасының да жүйкесі орнына түсіп, өзін күтуге уақыт табылды.  

Балаларыңыз оң-солын таныған болсын, ата-аналар!


Осы материал серіктесіміз www.helpkz.com дайындаған.