ҚР ҰБ курстары, 16.07.2024
RUB 5.41 (-0.03)
EUR 515.44 (-1.77)
USD 472.49 (-2.54)

Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті

Ұлттық қорғаныс университетінің негізгі міндеттері:

  1. магистратура бағдарламалары бойынша стратегиялық, оперативтік-стратегиялық басқару буынының әскери кадрларын даярлау;

  2. жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау (докторантура);

  3. әскери кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

  4. іргелі және қолданбалы әскери -ғылыми зерттеулер жүргізу.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы сериясы АБ № 0137480 Мемлекеттік лицензиясына сәйкес университеттің магистратура және докторантура мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру саласында білім беру қызметін жүргізуге мерзімі шектеусіз құқығы бар. 

Ұлттық қорғаныс университеті магистратурасының білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық және бейінді екі дайындық бағыты бойынша іске асырылады, сондай-ақ түлектерге кейін ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптама қызметімен табысты шұғылдануына мүмкіндік беретін тереңдетілген мамандандырылған кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді.

Ұлттық қорғаныс университетінің білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық даярлау бағыты бойынша іске асырылады және кейін түлектерге ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптама қызметімен табысты шұғылдануына мүмкіндік беретін тереңдетілген мамандандырылған кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. 

Байланыстар:

Анықтама үшін телефон : 87172263679
Факс: 87172653018
Мекен-жайы: проспект Туран 72