Рудный индустриалдық институты
Рудный Индустриалдық институтының тарихы аумақтағы ең ірі кен байыту өндірісі – «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның (алдын Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты) тарихымен тығыз байланысты.1954 жылы 30 маусымда КСРО министірлерінің кеңесімен магнетитті кен пайда болған Соколов және Сарыбай базасында «Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының (ССКБК) мен Рудный қаласын құрылысының бастауы туралы шешім қабылданды. Еліміздің әр түкпірінен 20 мыңға жуық жастар Рудный қаласында өндірістік алып тау-кен салу үшін үлкен құрылыс алаңына келді.
Қазіргі уақытта Рудный индустриалдық институты техникалық ғылым саласында инфрақұрылымы дамыған заманауи ғылыми-білім кешені болып табылады. Студенттерді оқыту жалпы орта, техникалық және кәсіби, жоғары білім базасында күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде 18 бакалавр мамандықтары бойынша жүргізіледі.
Осы жылдар ішінде Рудный индустриалдық институт қабырғасында көбісі ірі басшы, бизнесмен, мемлекеттік қызметкер және көрнекті ғалым болған 25 мыңнан астам жоғары білім мамандары даярланды.
Институт факультеттері:
- Тау-металлургиялық факультет
- Энергетика және ақпараттық жүйелер факультеті
- Экономика және құрылыс факультеті
Байланыстар:
111500, Рудный қ., Октябрьдің 50 жылдығы көшесі, 38
Электрондық пошта: info@rii.kz
Кеңсе: 8 (71431) 50882-(108)
Факс: 8(71431) 50703