ҚР ҰБ курстары, 23.07.2024
RUB 5.4 (-0.04)
EUR 515.12 (-5.72)
USD 473.15 (-5.43)

Инновациялық Еуразия Университеті

Инновациялық Еуразия Университеті тарихы: 

2007 жыл – Ұлттық аккредиттеу орталығы жариялаған Қазақстанның жетекші 60 жоғары оқу орнының бас рейтингі: ИнЕУ — үздіктер ондығына кірген бірінші жеке меншік ЖОО, ҚР ЖОО-ларының жалпы рейтингінде 6-орын. 2008-2013 жж. ҚР БҒМ тексерісінің нәтижелері бойынша студенттер білімінің көрсеткіші аймақта үздік болды.

2009 жыл – Америка университеттері қауымдастығының сертификаты, ҚР-нда осындай сертификат алған бірінші жоғары оқу орны, номері KZ 0001.

2010 жыл – Ұлттық аккредиттеу орталығы жариялаған Мамандықтардың ұлттық рейтингі: ИнЕУ-дің 5 мамандығы ҚР ЖОО-ларының ішінде көшбасшылар үштігінде, олардың ішінде екеуі 1-орында. ИнЕУ Еуропа ЖОО-ларының Ұлы Хартиясына қосылды, Болония, Италия. Cybermetrics Lab (Испания) ірі зерттеу орталығы құрастырған WEB OF WORLD UNIVERSITY РЕЙТИНГА-2010 қорытындысы бойынша ИнЕУ сайты ҚР ЖОО-лары сайттарының ішінде көшбасшылар ондығына кірді.

2014 жыл – Европалық ғылыми-өнеркәсіптік палата «Жоғары оқу орындарының: Еуропалық стандарт рейтингін жариялады". Инновациялық Еуразия университеті қазақстандық ЖОО-лардың ішінде көшбасшылар бестігінде, ол «BBB+» rating – «sufficient high ranking» тобына кіріп, Қазақстанның жеке меншік ЖОО-лар арасында 1-орын және ҚР-ның 23 ЖОО ішінде 4-орын алды, барлығы 2673 ЖОО қатысқан. Инновациялық Еуразия университеті беделді QS Stars әлемдік рейтингіне кіріп, «Екі жұлдыз» артықшылық белгісін алды

2018 жыл  – Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындары тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) арқылы анықталады. ИнЕУ - Павлодардағы жалғыз жоғары оқу орны! Қазақстанның жалпы рейтингі - 2018 қамтиды 58 университеттер, оның ішінде 6 ұлттық, 21 мемлекеттік, 7 акционерлік және 24 жеке білім беру ұйымдары.

Университет миссиясы: Инновациялар мен халықаралық ынтымақтастық арқылы білім беру, білім мен кәсіби шеберлік арқылы бәсекеге қабілеттілік.

ИнЕу факультеттері:

  • Бизнес, білім және құқық факультеті
  • Инженерлік-технологиялық факультетi
  • «Foundation» факультеті
  • Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Байланыстар: 

140003,   Павлодар қ.,   М. Горький көшесі, 102/4,

Электрондық пошта: referent@ineu.edu.kz

Кеңсе факсінің нөмірі: 8 (7182) 34-46-56