«Күнделік.Мектеп» мобильді қосымшасын келесі әдістермен жүктеп алуға болады:

«Күнделік. Мектеп» мобильдік қосымшасы - барлық білім туралы ақпаратты дереу, Жүйеге кірмей-ақ алғысы келетін оқушылар мен олардың ата-аналарына ыңғайлы болу үшін арнайы әзірленген қосымша коммерциялық қызмет.

Мобильді қосымшаны пайдалану міндетті емес. Барлық білім туралы ақпарат сайт арқылы толықтай тегін.

Ескерту: «Күнделік» ААЖ - бұл жеке инвестициялар есебінен әзірленген автоматтандырылған ақпараттық жүйе (мемлекеттік бюджет есебінен емес). Жүйе коммерциялық қызметтер есебінен (барлық ақылы қызметтерді пайдалану міндетті емес) және жарнамалық ақпарат есебінен монетизацияланады.

Қосымшаға кіру

Мобильді қосымшаға кіру үшін «Күнделік» ААЖ-дегі парақшасының пайдаланушы аты мен құпиясөзін енгізу қажет.

Ескерту: Мобильді қосымшаға (МҚ) Kundelik.kz сайтының уақытша құпиясөзі арқылы (6 сан) кіруге болмайды. Kundelik.kz жүйесінің толық нұсқасында уақытша құпиясөзді тұрақты құпиясөзге өзгертіп, осыдан кейін ғана тұрақты құпиясөзбен мобильді қосымшаға кіру қажет.

Жазылым төлемі

Жазылым төлемдері екі жолмен жүзеге асырылады:

  • «Күнделік.Мектеп» қосымшасы арқылы:
  • MҚ-да соңғы қойындыны ашып, PRO-нұсқасы батырмасына басу;
  • жазылым нұсқасын таңдау (жыл / ай);
  • жазылым төлемін растау;
  • сома қосымшалар нарығына байланыстырылған банктік картадан алынады;
  • kundelik.kz сайтындағы браузер арқылы:
  • толығырақ келесі мақалада.

Ескерту: барлық жазылымдар автоматты түрде жаңартылады.

Барлық жазылымдар күнтізбелік жыл (оқу жылы емес) немесе ай үшін жарамды (таңдалған жазылымның нұсқаулығына байланысты).

Мобильді қосымшаны пайдаланудың бірінші 21 күні жылдық немесе бір айлық жазылымды рәсімдеу кезінде тегін беріледі. Жазылым ақысы 21 күннен кейін автоматты түрде төленеді.