Kundelik.kz жүйесінде әртүрлі сыныптар немесе параллельдер үшін әртүрлі есептік кезеңдер құрылуы мүмкіндігі бар. Оқудың басталу және аяқталу күндері сыныпта қабылданған оқу бағдарламасын ескере отырып, әрбір есептік кезеңде әр түрлі күйге келтірілуі мүмкін.

Маңызды! Есептік кезеңдер барлық сыныптар үшін «Тоқсандар» типі негізінде құрылуы қажет. Басқа есептік кезең типтерін таңдау ұсынылмайды. 

Бірнеше есептік кезеңдерді жасау үшін:

  • мектептің барлық қызметкерлеріне түсінікті болатындай атауымен (мысалы, «0-1 сыныптар» және «2-11 сыныптар») есептік кезеңді жасау:
  • әр жасалған есептік кезеңнің басталу және аяқталу күндерін дұрыс енгізу қажет:
  • мектептің жоғары және кіші сыныптардың өңдеуінде жасалған есептік кезеңді орнату.

Ескерту: бірінші сыныптар үшін бөлек есептік кезеңдерді жасау ұсынылады (мысалы, «1-сыныптар үшін тоқсандар»), себебі 1-сыныптарда 3 тоқсанның ортасында қосымша демалыс күндері болады.

1-сыныптарға арналған есептік кезеңді жасау барысында, қосымша демалыс күндерін, мерекелік күндер ретінде белгілеу қажет. Осылайша осы күндер есепте ескерілмейді. Толығырақ ақпарат «Бірінші сыныптарға арналған демалыс күндерін жүйеге енгізу нұсқаулығы» мақаласында көрсетілген.