Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қалыптасу және мен даму тарихы елдегі шет тілдік білім берудің дамуымен тығыз байланысты, өйткені оның қалыптасуы кеңестік кезеңде 1941 жылдан басталды, ал университет мәртебесін алғалы бері оның дамуының жаңа кезеңі басталды. ҚазХҚ және ӘТУ-де көптеген гуманитарлық шет тілдік және халықаралық бейін салаларында сұранысқа ие біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін барлық жағдай жасалған.
ҚазХҚ және ӘТУ-ді дамытудың басты ұстанымы – бұрынғы тамаша педагогикалық дәстүрлерге сүйене отырып, барлық заманауи және таңдаулы әдістерді басшылыққа алу. Осы ұстаным бойынша, ҚазХҚ және ӘТУ Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингісінде биік көрсеткіштерге қол жеткізді: академиялық көрсеткіштер бойынша 2008-2012 жылдары мамандар даярлауда Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті бірінші бестіктен орын алды және қазақстандық жоғары мектептер арасында өз көшбасшылығын сақтап тұр, өйткені ол әлемнің 14 тілінде кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын танымал көп бейінді ғылыми-білім беру мекемесі болып табылады. Бұл университетке үлкен жауапкершілік жүктейді, өйткені күн сайын өсіп келе жатқан білім берудің ролі ұлттық бәсекелестікке қабілеттілікті қалыптастырудағы стратегиялық ресурсты көрсетеді.
Оқу орны қызметінің басты көрсеткіштері – университетті бітірушілерге деген сұраныстың болуы. Университет түлектері бәсекеге қабілетті және олардың білім сапасын жоғары бағалап отырған жұмыс берушілердің сұранысына ие болуы жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар ұжымы, білім беру бағдарламаларының заманауи мазмұны, материалдық-техникалық базасы мен ойластырылған оқу үдерісін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Біздің бітірушілеріміздің 85%-дан астамы ЖОО бітірген жылдың өзінде-ақ жұмысқа орналасуы - олардың еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуының дәлелі.
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 14 беделді Халықаралық ассоциациялардың: Университеттердің Халықаралық ассоциациясы (ЮНЕСКО), Eurasia-Pacific United ассоциациясы, Туризм бойынша үш Халықаралық ассоциацияның (ATLAS, AMFORTH, EURHODIP), франкофондық университеттердің Халықаралық ассоциациялары (AUF), Жоғары мектеп ғылымдары халықаралық академиясы, Халықаралық қатынастар мектептері (МГИМО) ОӘБ ассоциациясы, ММЛУ ассоциациясы, Еуропалық тілдік кеңесінің (ELC) ассоциациясы, ШЫҰ-ына мүше елдердің гуманитарлық университеттері консорциумының, ЕврАзЭС-ке мүше елдердің лингвистикалық университеттері консорциумының, Бельгия EUPRERA (The European Public Relations Education and Research Association) ассоциациясының, The European Association for International Education (EAITE) ассоциациясының мүшесі болып табылады.
Университеттің жан-жақты жаңаруы мен қарқынды дамуы туралы айтқанда, соңғы жылдары ЖОО-ның материалдық базасының толық мәндегі жетілдірілуі мен жаңғыртылуы туралы айтпауға бомайды. Орталық Азия аймағында шет тілдік білім беруді жүзеге асырып отырған ҚазХҚ және ӘТУ-ді дамытудың болашақ жоспарын әрі қарай дамытуға байланысты оқу ғимараттарымен қоса, спорт кешені ғимараты да жаңа заманауи бейнеге ие болып, толық қайта жөндеуден өткізілді.
Университет факультеттері:
- Аударма және филология факультеті
- Педагогикалық факультет
- Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті
- Халықаралық қатынастар факультеті
- Шығыстану факультеті
- Қосымша білім беру факультеті
- Экономика және құқық факультеті
Байланыстар:
050022, г.Алматы, Муратбаев көшесі,200,
Электронный адрес: kazumo@ablaikhan.kz, ablaikhan@list.ru
Кеңсе: 8 (727) 292 18 33
Кеңсенің факсі:8 (727) 292-44-73