ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Баланы гаджетпен қанша жасында таныстыру керек?

Қонақ келсе, баламыз жыламасын деп, телефон береміз.

Тамақ жасап алайық, мазаны алмасын деп, телефон береміз.

Жұмыстан қол босамағанда, телефон береміз.

Мазасызданып жыласа да, телефон береміз.

Бұл қаншалықты дұрыс? Телефон бала денсаулығына қандай зиян тигізеді? Телефонға тәуелді баланың ақыл-ойы дұрыс дами ма?

Талқылайық!


N.B. Өзіңіз үлгі болыңыз, Егер ата-ана телефоннан бас көтермесе, ол да көргенін істейді. Балалардың көзінше телефонға телмірмегеніңіз дұрыс.


Ең алдымен, баланың жас ерекшелігін ескеріңіз. Гаджет арқылы не көреді, қанша уақыт көреді, қалай көреді? Барлық жағдайды ескерген абзал.
Көз дәрігерлерінің пайымдауынша бүгінгі күні балалардың 60 пайызының көру қабілеті нашарлаған, ал психологтар гаджеттердің баланың санасына кері әсер етіп жатыр.
Баланың физикалық белсенділігі, достарымен ойнауы тек денсаулығы үшін ғана емес, ақыл-ой дамуы үшін де өте пайдалы.

Алғашқы смартфон:

Гаджеттің алдында өткізілетін уақыт 15-20 минуттан аспағаны абзал. Электромагнитті сәулелер бала денсаулығы үшін кері әсер тигізеді. Алдын алу үшін уақытты қадағалаңыз.
Баланың ең алғашқы смартфоны 3 жастан кейін ғана берілуі керек. Бұл жасқа дейін организмнің жетілу процесі жүреді.
Психологтардың айтуынша, ең алғашқы смартфонның балаға жасөспірім кезінде 13-14 жасқа қарай берілгені дұрыс. Оның өзінде байланыс құралы үшін ғана, виртуалды әлемге саяхат емес.




Жасы егде адам жаңалықты көреді және оған сенуге болады деп автоматты түрде қорытынды жасайды»

Бұл деректі Гарвард университетінің психологторы дәлелдеді. Анықтауларынша, 65 + жастағы адамдар жалған жаңалықты 7 есе көп таратады.

Иә, ата-апаларға телефон сыйлап, олардың эмодзи арқылы сөйлескені –қуантады. 🥰
Мүмкін жақынымыз әлеуметтік желіге де тіркелген болар.

Бірақ үлкен кісілер интернеттегі әрбір ақпаратқа сенеді, Whatsapp-тағы ұзын-сонар аудиожазбаларды үзбей тыңдайды. Себебі фэйкті не екенін, алаяқтардың кім екенін білмейді.

Жақындарыңыздың жалған жарнамаға алданып, өтірік ақпаратқа сенбегенін қаласаңыз, бізден нұсқаулық:

🖋 Үлкен кісілерге жиі көңіл бөліңіз. Жандары жас баладай болғандықтан, сабырмен түсіндіріңіз. Олар жиі жалғызсырағандықтан, көңілін телефонмен алдауы мүмкін.
🖋 Банктегі есеп-шот нөмерін, құпиясөзді ешкімге айтпаудың мәнін түсіндіріңіз.
🖋 Кез-келген сілтемеге сенбеу керектігін айтыңыз.
🖋 Желідегі белгісіз адам кездесуге шақырса, оның кім екенін анықтаңыз. Маңызды болса, бірге барғаныңыз жөн.
🖋 Ақпаратты тексеруді үйретіңіз. Ресми дереккөзінің не екенін айтыңыз.
🖋 Телефонға вирустық қосымшаларды жүктемеуін қадағалаңыз.
🖋 Денсаулыққа қатысты: сұлу қыламыз, жас қыламыз, ауруды тыямыз деген жарнамалардың жалған болуы мүмкіндігін түсіндіріңіз.