ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Том мен Джерри мультфильміне талдау


Том мен Джерри-танымал американдық мультфильм. Басты кейіпкерлері аты атап тұрғандай-ақ, мысық пен тышқан Том мен Джерри. Ең алғашқы мультипликациялық сериал 1940 жылы жарыққа шыққан. Атауы да өзгеше. Том мен Джерриді дүниеге әкелуші авторлар Уильям Ханна мен Джозев Барбера. 

1940-1958 жылдары, алғашқы сериалар Голливудтағы MGM студиясында түсірілді. Және бұл кезең мультфильм тарихындағы ең үздік кезең болып табылады. Алғашқы продюсері Фред Куимби мен композиторы Скотт Бредл Дәл осы шығармашылықтың топтың  әндері әлі күнге дейін біздің жадымызда. 

Қызық дерек: Томды суретке салған суретші Ирвин Спенс. Ол Томның барлық мимикасын келтіру үшін өзін-өзі салған екен. «Ол қалай?» десеңіз, суретші айна алдында тұрып, бет-бейнесіндегі мимиканы Томға қайталаған. Ал тышқан Джерриді салған суретші Кеннет Мьюс. 

1963 жылы мультфильм құқығын Чехословакия елі сатып алды, дегенмен 1963 жылы құқықтардың барлығы қайта Голливудқа қайтарылды. Бірақ бұл жолы анимациямен басқа студиялар айналысты.


Мәскеумемлекеттік университетінің сарапшылары балалар психологиясына кері әсер ететін мульфильмдер топтомасын жасады. «Том мен Джерри» балалар санасын улайтын сериалдар қатарына кірді. 

Балалар мультфильм көру барысында басты кейіпкерлерге еліктейді. Олардың іс-әркекеттерін қайталайды. Сондықтан «Том мен Джерри» мультфильмін Ресей аудиториясы сынға алды. Айтуларынша, Том мен Джерри аяусыздық пен қатыгездік насихаттайды.

Бұл мультфильмге расизмге қатысты айып тағылды. Осыдан кейін, афро-американдық Томның иесін, ақ нәсілді әйелге ауыстырды.

АҚШ-та Том мен Джерриді ішімдік ішіп, темекі шегетіндері наразылық тудырды.  

Қызықты деректер: 


Том мен Джерри шын мәніде жақын достар. Джерриді үйден қуып жібермес үшін, басқа мысықтың тышқанды өлтірмеуі үшін, Том өзін Джерридің жауы ретінде ұстайды.

Том мен Джерри оқи алады. Нақтырақ айтқанда, мысық газет оқығанды ұнатса, Джерри кітап оқуды жақсы көреді. Тіпті Джерри Том екеуінің арасында болған кикілжіңдер жайлы жеке кітабын жазған. 

Том мен Джерри рояльда ойнай алады. Том бүтін оркестрді басқарып, серенада шырқайды. 

Джерридің жоғары педагогикалық білімі бар. 

«Том мен Джерри» мультфильмі «Оскар» сыйлыған 7 мәрте жеңіп алған. 



Мультфильмдер бала психологиясына үлкен әсерін тигізеді. 6-7 және 9-11 жас аралығы баланың психологиялық дамуындағы маңызды өткел.   Бұл жас аралығында баланың дүниетанымы қалыптаса бастайды: мейірім мен жауыздықтың ара-жігін ажыратады. Сондықтан мультфильм көрер алдында, ондағы басты кейіпкерлердің өзін ұстауы мен басты мақсатын білген абзал.