ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Ата-ана манипуляциясын қалай білуге болады?


Мұндағы манипуляция дегеніміз- адамға жасырын ықпал ету. Яғни баланы өзі қаламаған әрекетке итермелеу. Бұл психологиялық зорлық.  Қарапайым көзге жай ғана әңгіме, баланы депрессияға ұшыратып, көңілге мұң салады. 

«Мен өлсем, осы сөздерің үшін өкінесің...»

Қорқыныш және кінә сезімі. Бала ата-анасының алдында өзін кінәлі сезінбеуі үшін, оның айтқанын істейді. Ал ата-ана, көп жағдайда өз денсаулығын пайдаланады. Мәселен, ата-ана ауырып тұрса да дәрігер көмегіне жүгінбейді, бірақ «сенбі күні жүрегім сен үшін ауырды» дейді.


«Мен сен үшін деп өмір сүріп келдім, сен болсаң...»

Бұл «ұятқа» ықпал ететін манипуляция. Мұндай отбасыларда, балада ата-анасының айтқанын бұлжытпай істеу керек деген қағида пайда болады. Себебі ата-ана «баласы үшін ғана» еңбек етіп, өмір сүрген. Сондықтан бала ата-анасына «проблема» тудырдым деп, өзін кінәлі сезінеді. Мұндай тәрбиемен өскен бала, кейін, өзі үшін емес өзге үшін өмір сүруі мүмкін. 


«Мен жай ғана хабарластым»

Әрине, ата-ана баласын сағынғанда, қал-жағдайын білейін деп хабарласады. 

Бірақ манипуляция кезінде қоңырау, баланың жеке өмірі жайлы ақпар білу үшін жасалады. Қарапайым сұрақтар тергеуге айналады. Егер бала жауап беруден бас тартса, ата-ана ренжиді. Баланың айтқысы келмейтін ақпаратын білу, ата-ана үшін ең маңыздығы айналады. 


«Шешеңді мүлдем ұмытайын депсің»

Әрбір манипуляция-өтініш. Ата-ана тек сөйлескісі келетіндей, бірақ диалогтан кейін балаұялады немесе жағымсыз әсерде қалады. 

«Өз ойымды айтып тұрмын»

Мұндағы ой-сын. Киім киісі, өмір сүру әдебі, жеке таңдау- бәрі ата-ананың қадағалауында. Қанша жасқа келсе де, баланың өз қалауы ата-ана үшін әлі ерте және ерсіге саналады. 


Егер манипуляцияға ұшырасаңыз:

Тексеріңіз: манипуляцияны өтініш не болмаса пікірмен шатастырып алмаңыз

Түсінуге тырысыңыз:манипуляға ұласқан өтініштің артында қандай мақсат тұр?