ҚР ҰБ курстары, 31.10.2024
RUB 5.04 (-0.03)
EUR 529.19 (-2.09)
USD 488.45 (-3.25)

KUNDELIK.KZ: 2020-2021 оқу жылдың 1-тоқсанындағы алғашқы үш аптаның қорытындысы шықты

Kundelik.kz білім беру платформасының командасы жаңа оқу жылына 2020-2021 оқу жылының 1-тоқсанында Қазақстан мектептері қашықтан оқитынын ескере отырып дайындалды. Өткен оқу жылындағы тәжірибеге сүйеніп, пайдаланушылардың ықтимал жүктемесі есептелді және ІТ жүйенің қызметі әлдеқайда жақсартылып, бүкіл жүйе инфрақұрылымы 30%-ға кеңейтілді. Кең жолақты интернеттің серверлік топқа өткізу мүмкіндігі 100% жақсартылып, жобаның ақпараттық қауіпсіздік көрсеткіштері жақсартылды.

Осының бәрі 1-тоқсанның басында оқу процесі кезінде «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (ААЖ) болуы мүмкін техникалық ақаудың алдын алуға мүмкіндік берді. Қазір «Күнделік» ААЖ Қазақстанның 6200 мектебіне, 356 822 мұғалім мен 3 070 723 оқушыға, сонымен бірге 2 159 270 ата-анаға қызмет көрсетіп отыр.   

Тағы бір жаңалық, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №125 бұйрығының жаңартылуына және критериал бағалаудың 10 балдық жүйесі енгізілуіне орай, мұны kundelik.kz электрондық журналы мен күнделігіне енгізу бойынша қыруар шаруа атқарылды. Мұғалімдерге арнап түсіндіру бағытындағы 30-дан аса нұсқаулықты жасап, жарияладық, оның ішінде ҚР БҒМ жасаған оқушыларды бағалаудың жаңа жүйесі туралы ақпарат та бар. 10 балдық жүйе бойынша формативті бағалау оқушының сабақта жұмыс істеуге ынтасын арттырып қана қоймай, сонымен бірге әдеттегі комментарийге қосымша оқушының сабақта жауап беруіне қосылып, тоқсан бойғы үлгерім траекториясын көрсетеді. Бұған қоса, тоқсандық БЖБ және ТЖБ түріндегі бақылау жұмыстарының нәтижесіне қосымша тоқсандық бағалау нәтижесіне де ықпал етеді. 

Аталған ұйымдастыру жұмыстары өз алдына, сонымен бірге біз оқу процесі барысында балаларды білім беру бағытындағы түрлі контентпен қамтамасыз етудің аса маңызды екенін де түсінеміз, мұндай материалдарды қайталау тақырыпты игерудің кепілі. Осыны ескере отырып, «Хабар» мемлекеттік телевизия холдингімен бірлесе отырып, kundelik.kz порталы күн сайын «Ел Арна» және «Балапан» арналарының YouTube желісіндегі бейнесабақтарын салып отырады. Бұл сабақтар 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанындағы 1–11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасын қамтиды. Бұған қосымша мұғалімдерге арнап, 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі бүкіл пән бойынша 1-тоқсанның оқу бағдарламасының конспектісін салып қойдық, оны Алматы қалалық білім беру басқармасының қатысуымен алматылық мұғалімдер жасап шығарды. 

1-тоқсанның алғашқы 20 күн ішінде «Күнделік» ААЖ жүйесінде күн сайын шамамен жарты миллионға дейін пайдаланушы отырды. Оқу басталған 20 күн ішінде ел мектептерінде қызмет ететін педагогтар 7 978 905 сабақтың толық сипаттамасын үй тапсырмасы және сабақтағы тапсырмамен, сабақтың тақырыбымен қоса енгізіп қойды. Орта есеппен алғанда, жүйе секундына 15-17 мың пайдаланушының кіруіне төтеп берді. Айта кететін бір жайт, осы күнге дейін kundelik.kz жүйесіне бірнеше рет қасақана DDoS шабуыл жасалды, олардың мақсаты жүйенің жұмысына кедергі келтіріп, жобаның беделіне нұқсан келтіру болғаны белгілі. Алайда біз ҰҚҚ мемлекеттік техникалық қызметі (МТҚ), «Қазақтелеком» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандарымен қоян-қолтық жұмыс істеудің және өзіміздің техникалық командамыздың кәсіби деңгейінің арқасында мұның бәріне төтеп бердік. Жүйе қалыпты режимде жұмыс істеді, «Күнделік» жүйесін пайдаланушы жүздеген мың адам ұсынылып отырған қызмет сапасының нашарлығын байқаған жоқ.

Өткен оқу жылының басымен салыстырғанда, Қолдау қызметіне өтініш айтушылар саны 2 есеге дейін артты. Пайдаланушылар тарапынан түскен өтініштерге анализ жасай келе, олардың барлығын әдеттегідей сабақ кестесін құру және мектептегі оқу жүктемесін жоспарлау мәселесі қызықтыратынын түсіндік. Мұның себебі, бірқатар мектептің әкімшілігі сабақ кестесін күні бұрын жасап қоймаған. Жалпы бұл әрқашанда кез келген оқу жылының басында болатын жағдай. Дегенмен, пандемия кезеңінде кезекші және қашықтан оқитын сыныптарды дайындау жаңа сынақ болды. Осыны ескере отырып, мектеп әкімшілігіне сыныпқа бөлу мәселесін оңтайлы шешуге, ал мұғалімдерге сабақ жоспарын жасап, күнделікті үй тапсырмасын салып отыруға мүмкіндік беретін шешімді ұсындық. 

«Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілясовтың айтуынша,Қазақстандағы білім саласына жүйелі көзқарас керек. «Білім беру процесіне жүйелі және стандартқа сай көзқараспен қарағанда ғана 

тиімді жұмсауына қол жеткізуге болады. «Күнделік» жүйесінің мақсаты да осы! Төрт жылдан бері бізбен бірге жұмыс істеп келе жатқан оқытушыларға өзара түсіністік және қолдауы үшін алғыс білдіреміз. Біз сіздермен бірге еліміздегі алғашқы жалпыұлттық LMS жүйесін, яғни «Күнделік электронды журналы мен күнделігі» жүйесін жасадық және жаңалықтар мен жаңа бастамалар түріндегі сынақтарға да төтеп беріп келе жатырмыз! Сіздердің қолдауларыңызға, бізге жолдаған лебіздеріңізге рахмет айтамыз», – дейді Мұхтар Ілясов.