ҚР ҰБ курстары, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру

2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру

Кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне қойылатын талаптар:

  • «бір сынып - бір мұғалім» принципі;
  • сыныптың толымдылығы –15 баладан көп емес;
  • бір күндегі сабақ саны - 3-4 сабақтан көп емес;
  • сабақтардың ұзақтығы - 40 мин; 1 сыныпта - сатылы режим;
  • әртүрлі сыныптар үшін қоңыраулар әртүрлі уақытта;
  • бетперде кию режимін қамтамасыз ету;
  • оқу үстелдерін 1метр қашықтықта орналастыру;
  • әрбір оқушыға жеке үстел мен орындық беріледі;
  • білім алушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе тауарлары және т.б.) қолданады;
  • әр сабақтан кейін қабинеттердің ауасын желдету арқылы тазарту, кварцтау;
  • әр сабақтан кейін қол жуу және арнайы өнімдерді қолдану;

Кезекшілік сабақтарды қалыптастыру кезінде Kundelik.kz жүйесінде орындалуы қажет әрекеттер: 

  1. Бастауыш сыныптарға қоңыраулар кестесін құру.
  2. Сыныпты оқу топтарына бөлу: «Кезекші топ», «Қашықтағы топ». 
  3. Оқу топтарына бөлінуді ескере отырып, бастауыш сыныпқа сабақ кестесін құру
  4. Хабарламаны сынып парағында жариялау. 

Қоңыраулар кестесін құру


Екі ауысым түріне қоңырау кестелерін жасау үшін:

  • «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Кесте» блогында «Қоңыраулар» батырмасына басу;

https://skr.sh/i/300620/wrKOmN08.jpg?download=1

  • http://gyazo.com/c4e5e92aca56ef9d7d668ee547341288.pngбатырмасының көмегімен бірінші ауысымға арналған қоңырау кестесін жасау (қажет болған жағдайда нөлдік сабақтың нөмірін де белгілеу қажет) және сақтау;
  • келесі кезекте қоңырау кестесінің парақшасына өтіп, екінші ауысымға арналған қоңырау кестесін жасау.

Қоңырау кестесін сыныппен байланыстыру үшін:

  • «Әкімшілік ету» бөлімінде, «Сыныптар» блогында сыныпты таңдау;
  • «Өңдеу» парақшасына өту;
  • «Қоңырау кестесі» батырмасына қарама-қарсы қажетті қоңырау кестесін таңдап, ашылған тізімде таңдау; 
  • «Сақтау» батырмасына басу.

Ескерту: сабақтың басталу және аяқталу уақыты мемлекеттік стандарттарға сәйкес көрсетілуі керек және оны қашықтықтан оқыту кезіндегі қоңырау кестесіне келтіруге болмайды.

Егер кезекшілік сыныптар таңертең, ал қалған оқушылар түскі уақытта оқитын болса, сабақтың максималды санының уақытын көрсету қажет:

Сыныптарды оқу топтарына бөлу

Сыныпты топтарға бөлу үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  • «Әкімшілік ету» бөлімінде «Сыныптар» блогынан «Сыныптар тізімі» пунктін таңдау, әрі қарай керекті сыныпты таңдау;
  • сыныптың парақшасынан «Оқу топтары» қойындысын таңдау;
  • «Топты құру» батырмасын басу арқылы жаңа топты құру;
  • «Қолмен» бөлу әдісін таңдау;
  • топтың толық және қысқаша атауын енгізу, мысалы: «Кезекшітоп» и «Қашықтағытоп»:

  • өзгерістерді сақтау. 


Кезекші тобын ескере отырып, сабақ кестесін құру

Сабақ кестесін құру үшін, «Мектеп» пунктіне басып, «Кесте» блогын таңдап, әрі қарай керекті сыныпты таңдау арқылы немесе «Әкімшілік ету» бөлімінде «Кесте» блогындағы «Сабақтар» пуктін таңдау қажет.

Нақты сыныпқа сабақ кестесін құру үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  • «Сабақтарды түрлендіргіш» батырмасына басу;
  • «Кестенің жаңа сұлбасы» батырмасына басу, атауын беру (мысалы, 1 тоқсанға арналған сабақ кестесі). Кестенің сұлбасын 1 аптасына жасалады, ол есептік кезеңнің барлық апталарына арналған кестенің шаблоны болады;
  • сұлбасын толтыру (сабақ ұяшығында «Қосу» бастырмасына басу, сабақты құру терезесінде пәнді, оқу тобын, мұғалімді таңдау);
  • сабақ кестесінің сұлбасын жариялау үшін https://gyazo.com/fddcf164d7e3bba0d4efe475475bebaa.png батырмасына басу және осы кесте таралатын есептік кезеңің барлық апталарын таңдау. Барлық сұлбаның сабақтары барлық кезеңін апталарын түседі. Содан кейін торынын астында https://gyazo.com/6c3b39679b4e6e2a0227ab8b69ab5e2c.png батырмасына тағы да басу.

Егер екі топ үшін де сабақ қатар, яғни бір уақытта жүргізілсе:

Бұл жағдайда бір уақытты ескере отырып, сабақ кестесін қосу керек:


https://skr.sh/i/250820/5Y9e4awG.jpg?download=1


Егер екі топ үшін сабақ әртүрлі уақытта жүргізілсе:

Бұл жағдайда әртүрлі уақытты ескере отырып, сабақ кестесін қосу керек:


Ескерту: дұрыс қызметкерді (бұл қызметкерлердің журналдарға кіруі үшін қажет) және оқу тобын қою маңызды.

Назар аударыңыз! Егер әр сынып оқушыларынан тұратын бір кезекші топ жиналған болса, онда әртүрлі сабақтар кестесінде «Кезекшілік» тобында бір мұғалім көрсетіледі. Кесте бір уақытта бірнеше сабаққа бір қызметкерді тағайындауға мүмкіндік береді.


Сабақ парақшасында хабарламаны жариялау

Оқушылар мен ата-аналарға сабақтың басталу және аяқталу уақыты, сабақ уақытында болатын өзгерістер туралы хабарландыру жасау үшін Сынып парақшасында хабарламаны жариялау ұсынылады.

Хабарламаны жариялау үшін:

  • «Мектеп» - «Менің сыныптарым» бөліміне өту;
  • сыныптың атауына басу және ашылған бетте «Хабарландырулар» қойыдысында хабарламаның мәтінін енгізу.



https://skr.sh/i/250820/auKPvmrk.jpg?download=1