ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Фейк 5 белгісі

Сандық технологиялар заманында тарап жатқан фэйк ақпарат санында шек жоқ. Әлеуметтік парақшаларда болсын, интернет сайттарда, тіпті дәстүрлі БАҚ та тексерілмеген һәм дәлелденбеген ақпарға жол беруі мүмкін. 

Ақпарат ағымында адасқыңыз келмесе, кез келген мәліметке қорытынды жасағанда, сыни ойлаңыз. 

 Фейк танудың негізгі 5 тәсілі бар.⠀

1. Фейк ақпаратта ресми дереккөз бен сілтеме берілмейді.


Бұл – фейктің алғашқы белгісі. Карантиндік шектеуге, елдегі ахуалға қатысты ақпаратты ресми орган немесе уәкілетті тұлғалар жариялайды. Оны растайды да. Сондықтан нақты дереккөзі жоқ ақпаратқа сенбеңіз.

2. Тақырыпты «АЙҚАЙЛАТЫП» қояды. Басқаша «кликбейт»


Тақырыбын көре сала қорытынды шығаратындар  көп. Міне, осындай адамдар фейктің құрбаны болады.Мұндай тақырып көбіне адамның эмоциясына әсер етеді. Жеке көзқарастан айырады. Өзгелерге таратады: фейк жіберіп отырмын деп ойламайды. Керісінше, жақыныма ескертіп, қауіптен сақтандырдым дейді. Бұл – қате. Кез келген ақпаратты қабылдағанда мейлінше салқынғанды болған жөн. Эмоцияға берілмеңіз. #сыниойлаңыз!

3. Ресми сайтта емес, әр түрлі месенджерде «қыдырып жүретін» ақпараттар.

Эмоцияға  әсер еткен ақпарат бірден тарап кетеді. Тексерілмейді.  Ал түптеп  келгенде ол фейк болып шығады. 

4. Ресми ақпарат репостқа тәуелді емес.

Фейк ақпаратта «танысыңызға жолдаңыз, репост жасаңыз» дегендей  бөлісуге үгіттейтін тіркестер болады.  Есіңізде болсын, ресми ақпарат ешқандай репостқа мұқтаж емес. Сізсіз де жазатын, айтатын БАҚ өкілдері бар.

5. Грамматикалық, орфографиялық қателер.

Фейк ақпаратты тарататын – қарапайым адам.  Олар тіл маманы емес. Сәйкесінше, сөйлемде қате жиі жіберіледі. Мән беру аса маңызды. Өйткені ресми органда сауаттылыққа жауап беретін  маман бар. Олар бәрін назарда ұстайды. Қателікке жол бермейді.

2020 жыл  – ақпарат заманы. Заманға сай  медиасауатты  болу өте  маңызды.

✅ Сонда ешкімге  алданбайсыз, ешкімнен  ұтылмайсыз.

❓ Ал сіз қалай тексересіз?

❓ Сіздің тәсіл қандай?

Пікірлеріңізді Instagram парақшамызда жазыңыз!