ҚР ҰБ курстары, 31.10.2024
RUB 5.04 (-0.03)
EUR 529.19 (-2.09)
USD 488.45 (-3.25)

Ата-аналар мен оқушыларға арналған «Күнделік.Мектеп» мобильді бағдарлама

«Күнделік.Мектеп» мобильді бағдарламаны App Store-дан (IOS пайдаланушылары үшін) және Play Market-тен (Android пайдаланушылары үшін) жүктеп алуға болады.

Мобильді бағдарламаға кіру үшін ААЖ «Күнделік» жүйесіндегі профильдің пайдаланушы аты мен құпия сөзін енгізу қажет.

«Күнделік. Мектеп» мобильдік қосымшасы - барлық білім туралы ақпаратты дереу, Жүйеге кірмей-ақ алғысы келетін студенттер мен олардың Ата-аналарына ыңғайлы болу үшін арнайы әзірленген қосымша коммерциялық қызмет. Мобильді қосымшаны пайдалану міндетті емес. Барлық білім туралы ақпарат сайтта тегін. 

Ескерту: «Күнделік» ААЖ - бұл жеке инвестициялар есебінен әзірленген автоматтандырылған ақпараттық жүйе (мемлекеттік бюджет есебінен емес). Жүйе коммерциялық қызметтер есебінен (барлық ақылы қызметтерді пайдалану міндетті емес) және жарнамалық ақпарат есебінен монетизацияланады.

«Жаңалықтар» виджеті

Бағдарламаның басты бетінде әрдайым «Жаңалықтар» виджеті көрсетіледі, ол жаңалықтарды тез арада қарауға арналған, оның ішінде:

  • бағаларды және қойылған күнін қарау;
  • берілген үй тапсырмаларын қарау;
  • сабақ кестесін қарау;
  • мектеп хабарландыруларын қарау.

«Күнделік» виджеті

Бұл виджеттің мүмкіндіктері:

  • Көрсетілген күннің сабақ кестесі (әдепкі бойынша, ағымдағы күннің сабақ кестесі орнатылған).
  • Әр сабаққа берілген үй тапсырмасы.
  • Әр сабаққа қойылған бағалар.

Ескерту: егер үй тапсырмасының жанында белгісі болса, тапсырмаға салынған файл бар дегенді білдіреді.

Салынған файлды, сабақ жайлы толық ақпаратты көру үшін, сабақ атауы жазылған жолға басу қажет. Сабақ парақшасында келесі ақпарат болады:

  • сабақ өткізу уақыты;
  • кабинет;
  • сабаққа қатысу белгісі, бағалар қойылған сабақтағы жұмыстың типі;
  • үй тапсырмасы;
  • сабақ тақырыбы;
  • пән мұғалімнің Аты-жөні.

«Бағалар» виджеті

Бұл виджетте бірнеше бөлім бар: 

  • «Пән бойынша»;
  • «Қорытынды».

«Пән бойынша» бөлімінде, пән бағалары қойылуы уақыты бойынша реттеліп көрсетіледі. Яғни, соңғы қойылған баға ең алдында тұрады. Бағаларға қарама-қарсы пән бойынша орташа балл көрсетілген.

Маңызды жұмыстың түрлері (бақылау жұмысы, өзіндік жұмысы және басқалар) түрлі-түсті болып көрсетіледі:

  • жасыл - жақсы белгі;
  • қызғылт сары – қанағаттанарлық;
  • қызыл - нашар.

Бағаның оң жағында көк түсті шеңбер, қойылған бағаның жаңа екенін яғни соңғы екі күннің ішінде қойылғанын білдіреді.

Ескерту: орташа баллдың жанындағы жебе, оның өткен аптамен салыстырғандағы өзгерістер үрдісін көрсетеді.

Сабақта қойылған бағаларды көру үшін, сабақ атауы жазылған жолға басу керек, сабақ бетінен келесі ақпараттарды көре аласыз:

  • Сабақтағы жұмыстың маңызды түрлеріне қойылған орташа балл және жалпы балл.
  • Өткен аптаға қарағанда баллдың өзгеру үрдісі.
  • Орындалуына қарай пән бойынша қойылатын бағалар.

 «Қорытынды» бөлімінде, пән бойынша қойылған бағалар есептік кезең бойынша көрсетіледі:

  • «Тоқсандар»;
  • «Триместрлер»;
  • «Семестрлер»;
  • «Модульдер».

Есептік кезеңнің бағалары журналға қойылғаннан кейін көрінеді. Пән бойынша қорытынды бағалар оқу жылының соңында қойылады.

Ескерту: «Бағалар» виджетінде қосымша түрде сөздік белгілерді көруге болады.

«Тағы» виджеті

«Тағы» виджеті келесі функцияларды атқарады:

  • қолдау орталығына жүгіну;
  • жазылымды басқару;
  • аккаунттан шығу.
  • тілді ауыстыру.

Жазылым

Пайдалашуны жазылымды рәсімдемеген болса, басқа бөлімге ауысы барысында немесе бағаның не үшін қойылғанын қарау әрекеті жасалынғанда, жүйе жазылым түрін таңдауды ұсынады:

  • «Ай сайынғы» - ай сайынғы төлем.
  • «12 ай үшін» - жыл сайынғы төлем.

Ескерту:жазылымның барлық түрлерінде төлем автоматты түрде жасалынады.

Барлық жазылымдар күнтізбелік жылдың (оқу жылының емес) немесе күнтізбелік айдың ішінде жұмыс істейді.

Бағдарламаны пайдалану бірінші ай тегін, жазылымның ақысы бір айдан кейін автоматты түрде жасалынады. Жазылымнан бас тарту үшін:

  • IOS пайдаланушылары: App Store – ға кіріп, жазылымдарды басқару бөліміне өту керек.
  • Android пайдаланушылары: Play Market – ке кіріп, жазылымды басқару бөліміне өту керек.

Ескерту: жазылымнан бас тартқаннан кейін бағдарламаның толық нұсқасы, жазылым уақытының соңына дейін сақталады. Жазылымның автоматты түрде жаңартылуы өшіріледі. 


«Күнделік.Мектеп» мобильдік қосымшасы.pdf