ҚР ҰБ курстары, 16.06.2024
RUB 5.05 (0.00)
EUR 482.21 (0.00)
USD 450.79 (0.00)

Балаңыз неден қорқатынын қалай білуге болады

Көптеген аналар балаларын уысынан шығармай, өсіргісі келеді. Уақыт өте бала есейіп, осы «бақытты жұп» ажырай бастайды. Бала анасының етегіне жармасып алып, одан бір елі кетпейді. Ол өзімен-өзі ойнап отырса да, бөлмеден алыс кетпеуің керек. Жатар алдында екеуіне де сын сағаты туады. Анасы тезірек ұйықтатуға тырысады. Баласы болса, керісінше, ұйықтамауға күш салады. Онымен қоймай, түнде қасына жетіп келеді.

Анасы – өмірінің ойраны шыққандай сезінеді, өзін... Баласына деген пейілі де өзгере бастайды. Бұл махаббатқа мүлдем кереғар сезімдер... Осылай жалғаса берсе, өзіңді өзің жегідей жей бастайсың...

Осы тектес оқиғаларды айтып келсе, мен баланың қорқынышы бар-жоғын сұраймын. Аналар тәулік бойы баласының қасында жүргендіктен, олардың еш нәрседен қорқуы мүмкін емесін алға тартады. Егер сіздің уақиғаңыз осыған ұқсас болса, онда сұрақ-жауап парағын ұсынамын. Аты – «Баланың бойында үрейдің бар-жоғын анықтау».

Мұқият оқып, балаңыздың бойынан таныған белгілерді белгілеңіз. Егер бес не одан көп белгі қойылса, балаңыздың бойында үрей бары анық. Бәлкім, жасы кіші болғандықтан, бұл жайлы айта алмай жүрген болар. 

Чек-парақ Үрей белгілері

  1. Бала сізден бір елі алыстамайды
  2. Жалғыз қалмайды немесе қинала-қинала қалады
  3. Жасырынатын болды, өзіне пана салады
  4. Агрессиясы көбейді
  5. Жылай беретін болады
  6. Жиі еркелейтін болды
  7. Қара түсті қарындашпен сурет салады
  8. Құбыжықтардың суретін көп салады
  9. Кейбір суреттерден қорқады
  10. Салған суретін жасырады
  11. Кейбір ойыншықтарын жасырады
  12. Жаман қылықтары көбейді(тырнағын тістелеу, саусағын сору)
  13. Ұйқысы бұзылды
  14. Жалғыз ұйықтағысы келмейді
  15. Түнде оянатын болды
  16. Өзі ұйықтап кетпейді
  17. Жарық қосып ұйықтайды
  18. Зейіні азайды
  19. Ойға шомып кетеді
  20. Кез-келген тапсырманы міндетсіне қабылдайды
  21. Ұялшақ бола бастады
  22. Қолы, әдетте, суық әрі дымқыл
  23. Іші ауырады
  24. Толқыған кезде терлейді
  25. Күтуді ұнатпайды
  26. Өзіне сенімсіз
  27. Қиындықтардан қашады
  28. Қимылы құрсаулы немесе керісінше, босаң
  29. Ата-аналарын бақылауға тырысады
  30. Көңілі күпті
  31. Қорқынышты мультфильмдерді жиі көретін болды
  32. Компьютер ойындарын жиі ойнайтын болды
  33. Қорқынышты немесе агрессиялық сахналары көбейген ойындар ойнайды
  34. Монстрларды ұнатады
  35. Балалармен араласудан қалды
  36. Тұйық бола бастады
  37. Ырым-жоралғы қимылдары көбейді (қол жуу, есікті тексеру)
  38. Кей жерлерге барудан бас тартады (бала-бақша, мектеп, саябақ)
  39. «Сен мені жақсы көресің бе?» - деп жиі сұрайтын болды
  40. Кейбір ертегілерді оқытпайды
  41. Кейбір жануарлар мен жәндіктерден қорқады
  42. Бала-бақша, үйірме, секцияда жалғыз қалмайтын болды.

Енді не істеу керек?

- Психологтың кеңесін алып, алдағы әрекет жоспарын құру керек.


Осы материал серіктесіміз www.helpkz.com дайындаған.