ҚР ҰБ курстары, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

Педагогикалық шеберлік орталығы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Халықаралық Кембридж Университетінің емтихан кеңесімен өзара жинақтаған тәжірибесін еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге тарату туралы Елбасының тапсырмасын (2011 жылдың 18-сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы) жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы құрылды (ары қарай – ПШО).

Жарғыға сәйкес, педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді тарату болып табылады.

ПШО қазақстандық және халықаралық серіктестерімен бірге Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  курсының деңгейлік бағдарламаларын құрастырды (бірінші (жетілген), екінші (негізгі), үшінші (базалық).

Деңгейлік бағдарлама мазмұнының басым бағыттары негізінде өзекті тақырып аумағында келесі модулдер анықталды:

 Суреттегі аударма: бірінші (жетілдірілген), екінші (негізгі), үшінші (базалық).

  1. Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер
  2. Сыни ойлауға оқыту
  3. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
  4. Білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
  6. Оқушылардың жас ерекшеліктері қарай білім беру және оқыту
  7. Оқытудағы жетекшілік пен көшбасшылық

Деңгейлік бағдарламаны жүзеге асыру аясында оқыту-әдістемелік материалдар құрастырылды. Оның өзегі:

  • Курс алдында берілетін тапсырмалар
  • Жаттықтырушыға арналған жетекшілік құралдар
  • Мұғалімге арналған жетекшілік құралдар
  • Мектептегі практика кезінде орындауы тиіс тапсырмалар
  • ПШО білім порталындағы құрылымдық оқыту материалдары.

Барлық материалдар үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады және ПШО сайтына орналастырылады www.cpm.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 29-желтоқсандағы №1440 Қаулысына енгізілген толықтыруларға сәйкес «Мемлекеттік бюджет есебімен қамтамасыз етілетін азаматтық қызметкерлердің, ұйым жұмысшыларының, қазыналық кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын төлеу жүйесі туралы»  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1424 қаулысы) бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беруде оқыту бағдарламасын жүзеге асырушы, ДББҰ бағдарламасы бойынша біліктілікті көтеру курстарын өткен, сәйкестік деңгейіне сай сертификаттар алған: 3-деңгей - лауазымдық еңбекақысына 30%, 2-деңгей - лауазымдық еңбекақысына 70%, 1-деңгей -  лауазымдық еңбекақысына 100% қосымша ақы тағайындалады.  

2013 ж. 4-қаңтардағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің №1 бұйрығымен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ оқыту бағдарламаларына сәйкес үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (жетілдірілген) деңгейлері бойынша біліктілік көтеру курстарына педагогикалық кадрларды қабылдау мен таңдау шаттары нақтыланған  педагогикалық кадрлар біліктілігін көтеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқау бекітілді.

Бұл нұсқау деңгейлік бағдарламаларды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын анықтайды: 

3-деңгей бойынша дайындық – ПШО мен оның филиалдары, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті көтеру орталығы» Акционерлік қоғамы (ары қарай – «Өрлеу» ҰБКО» АҚ) және оның филиалдары;

2-деңгей бойынша дайындық - ПШО мен оның филиалдары, «Өрлеу» ҰБКО» АҚ;

1-деңгей бойынша дайындық - ПШО мен оның филиалдары. 

Деңгейлік бағдарламаларды ұтымды жүзеге асыру және Зияткерлік мектептер тәжрибесін тарату үшін қалаларда ПШО 16 филиалы ашылды: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Талдықорган, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент.

Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің деңгейлік бағдарлама негізіндегі біліктілікті көтеру курстарында оқыту құқығына ПШО Кембридж Университеті эксперттері дайындаған және Халықаралық Кембридж емтихан кеңесі - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ сертификаты бар жаттықтырушылар ие. Көрсетілген уақыт аралығында үшінші (базалық) деңгей бойынша 304 жаттықтырушы, екінші (негізгі) деңгейі бойныша 165 жаттықтырушы, бірінші (жетілдірілген) деңгей бойынша 133 жаттықтырушы дайындықтан өтті. 237 жаттықтырушы Халықаралық Кембридж емтихан кеңесінің сертификатын алды.

Есеп беру айналымындағы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің деңгейлік бағдарлама негізінде біліктілігін көтеру курстарынан оқытудан өтті:

 2012 ж. оқытылғандар
Барлық оқытылғандар
Сертификат алғандар
ПШО
 «Өрлеу» ҰБКО АҚ
 
Мұғалімдер
 
1003
6881
 
7884
 
7420
 

 2013 ж. ПШО
деңгейлік бағдарлама негізінде оқытылатындар – 5100, ал  «Өрлеу» ҰБКО АҚ – 9900, барлығы – 15 000 Қазақстан республикасының педагогика саласы қызметкерлері.

Деңгейлік бағдарлама негізінде оқытылған педагогтардың кәсіби желілік қауымдастығы қызмет ететін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін құру мақсатында ПШО сайты құрылды. 2013 ж.сәуір айындағы көрсеткішке сәйкес бүгінде сайтқа 10 600 қолданушы тіркеліп, 169 575 қонақ кірген, жалпы бір күндегі орта есеп – 3 218 қолданушыны құрайды.

Сайтта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылауына арналған форум бар. Форум жұмыс істегелі 61152 хат жазылып, 6038 тақырып талқыланған. 

ПШО сайтының порталында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде деңгейлік бағдарламаға дайындалулары үшін оқыту-әдістемелік кешен орналастырылған, оны тіркелген әр қолданушы еркін түрде қолдана алады.

ПШО Кембридж университетінің білім Факультетімен бірге Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат Министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитетінде 2012 ж. 08 маусымында № 12804 – Ж тіркелген қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық-әдістемелік «Педагогикалық диалог» журналын шығарады. 

Журналды шығарудағы мақсат - Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Журналды шығару жиілігі үш айда 1 рет.

Есеп беру айналымындағы уақыт аралығында ПШО республика мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жөніндегі қазақстандық-британдық жобаның жүзеге асырылуы туралы екі фильм әзірленді, сонымен қатар атауы ортақ «Әлем өзгереді – біз де өзгереміз» атты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру курсының тыңдаушыларының пікірлері жазылған эсселердің екі жинағы жарық көрді.  

Білім беру бағдарламалары орталығы – мұғалімдер мен бағдарламалардың авторлардың кәсіби диалогтары

Бұл тренингтерден 2015 оқу жылы 1-сынып оқушыларын қабылдайтын бастауыш сыныптардың мұғалімдері, 11-жылдық мектеп бағдарламаларына біртіндеп енгізу бойынша пән-мұғалімдері өтеді. Ең алдымен бұл тренингтерден 2014 жылдың күзгі демалысында пилоттағы мектептердің әкімшілігі (90 адам) өтеді.

Тренингтерді ұйымдастырушылар (Тәжірибені тарату департаменті, Білім беру саясаты мен бағдарламалар департаменті) мектеп әкімшілігіне арналған әдістемелік және нормативті құжаттары бар пакет дайындауда, оны тренингтердің бірінші күні барысында тарату жоспарланулы.

Тәжірибені тарату тренингтердің кестесі

Тәжірибені тарату бойынша 2013-2014 оқу жылына жоспарланған Зияткерлік мектептердің негізгі іс-шаралары   

Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету

·  157 түрлі 2091 әдістемелік өңдеулер мектептерге жіберілген

·  Семинарлар өткізілді:

Облыстық  1020 қатысушыға 31

Қалалық (аудандық) – 924 қатысушыға 15

Базалық мектептерге – 877 қатысушыға 31.

·  Өткізілді: Халықаралық, республикалық және облыстық семинарлар мен конференцияларда секциялар - 33 

Форумдар - 4, оның ішінде 2014 жылдың 24 мамырында өткен «EXPO-2014» форумы, оған Парламенттің депутаттары, оңтүстік Африка мен Финляндияның елшілері, жұртшылық, БАҚ, «Balavari халықаралық білім беру ассоциасының» Президенті Лали.Б, ШҚО әкімшілігінің өкілдері, ШҚО білім басқармасының әкімшілігі мен мамандары (Өскемен қ.).

Мастер-класстар - 240, оның ішінде 850 тыңдарманға - 123

Ашық сабақтар  128 тыңдарманға - 57 (Семей қ.)

Семинар - тренингтер - 17

Дөңгелек үстелдер – 213 тыңдарманға 11. 

Мектептерге бару ұйымдастырылған (Парламент мәжілісінің депутаттары, әкімдік, облыстық, аудындық, қалалық басқрамаларының өкілдері, «Нур Отан» партиясының өкілдері, ҰОС ветерандары, оқушылар, атан-аналар, педагогтер, ПШО курстарының тыңдармандары) – 1630 адамға – 46.

Мұғалімдер мен оқушыларға арналған ашық есік күндері ұйымдастырылған – 6872 адамға – 23.

7 мектептің негізінде мұғалімдер сынақ мерзімінен өтті (Астана, Ақтөбе, Көкшетау, Талдықорган, Өскемен (2), Орал) 52 базалық мектеп мұғалімдеріне -7.

Педагогикалық практика өткізілді – 3 Назарбаев Зияткерлік мектебінің негізінде Өтемісов атындағы БҚМУ мен  Досмухамедов медколледжінің  46 студенті (Орал қ.).

Дереккөзі: https://www.cpm.kz/kz/