ҚР ҰБ курстары, 23.07.2024
RUB 5.4 (-0.04)
EUR 515.12 (-5.72)
USD 473.15 (-5.43)

Оңтүстік –Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты (ОҚМПУ) - Оңтүстік Қазақстан облысының орта мектептеріне мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орнының алғашқы институты.

Оқу ордасы Қазақстан Республикасы педагогикалық жоғары оқу орындары арасында ұлттық рейтинг бойынша 5-орында, ал 9 мамандық “Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінен  алғашқы үштікті иеленді. Бұл ғылыми дәрежесі мен атағы – 53%-ды құрайтын, 100% біліктілігін арттырған оқытушы-профессорлар мен ізденімпаз студенттер еңбегінің жемісі.

Университет контингентінің 30%-ы үштілде,  физика, информатика, химия, биология мамандықтарында оқитын студенттер  таза ағылшын тілінде білім алады.

Студенттер Венгрия, Польша, Германия, Латвия, Болгария, Ұлыбритания, тағы басқа шетелдік және отандық жетекші жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білімін ұштауда. Елуге жуық шетелдік профессорлар университетке келіп дәріс оқуда. Түлектерін жыл сайын 100% жұмысқа орналастыратын университет студенттері Халықаралық, Республикалық,   облыстық,  қалалық байқаулардың жеңімпаздары.

Университет факульттері:

  • Жаратылыстану факультеті
  • Филология факультеті
  • Педагогика-гуманитарлық факультеті
  • Кәсіптік-шығармашылық факультеті
  • Дене шынықтыру және спорт факультеті
  • Физика-математика факультеті
  • Кешкі оқу және дайындық факультеті

Байланыстар: 

Шымкент қ. ,   Г.Иляев көшесі 16

Электрондық пошта: okmpi@mail.ru

Кеңсе: 8 (7252) 301-459

Кеңсенің  факсі: 8 (72-52) 214-006