Жалқаулыққа жол жоқ!
Жалқаулыққа жол жоқ!
Дегенмен мотивацияға толы адамның да бәріне қол сілтеп, ерінген сәті болады. Бұл-шындық. Және бқұл-кешірілмес дүние емес. Мұны түсіне біліңіз. Ара-жігін ажыратыңыз!
Әлемде 5 адамның бірі прокрастинатор. Жалқаудың ертеңі бітпес деп жатады. Прокрастинация жалқаулық емес. Ол психологиялық мәселе.
Істі кейінге қалдыра берудің кесірінен уақытты жоғалтамыз. Ал уақыт – ең қымбат ресурс. Содан барып жұмыс өнімділігі төмендейді. Соңына келгенде бәрін бітіруге тырысып, жүйкемізге салмақ түсіреміз. Ұйқы шала болады, отыра бергеннен остеохондроз сияқты аурулар пайда болады.
Прокрастинациядан құтылу жолдары көп.
Бір сыпырасын алдарыңызға ұсынамыз:
Егер сізге бір күнде бірнеше тапсырманы үйіп-төксе, не істеріңізді білмей қаласыз. Қайсысынан бастарыңызды білмей ештеңе бітірмеуіңіз де мүмкін. Сол үшін маңыздылығына қарай істі бөліп қойыңыз. Осылайша сол іске зейін қоясыз. Эйзенхауэр матрицасын қолданып көрсеңіз болады.
Өзіңіздің шамаңызды біліңіз. Ағылшын тілін білмейтін адамға бір аптада ағылшынша сөйлеп үйрен десе, ол орындалмайтыны хақ. Сол үшін де қай уақытқа дейін орындап бітіру керегін дұрыстап ойластырыңыз. Тым қатаң режим ұстанбаңыз.
Қызықты ету
Жұмыс қалай қызық болуы мүмкін деп ойладыңыз ба? Оны ойын ретінде, әріптесіңізбен жарысу арқылы қызықты ете аласыз.
Ал сіз прокрастинаторсыз ба?